Евро-2012
18 маусым 11:40

Мбаппе Еуроны жалғастыра ала ма? Дәрігерлер футболшыны тексерді

©instagram.com/k.mbappe

Еуро-2024 турнирінің топтық кезеңіндегі Аустриямен матчте жарақат алған Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе мұрнына операция жасатпайтын болды, деп жазады RMC Sport.

Килиан Дюссельдорф ауруханасында медициналық тексерістен өтті. Дәрігерлер франциялық футболшының мұрнына операция жасмауға болады деген ұйғарымға келді.

Енді Мабппе 21 маусымдағы Нидерландымен матчке қатыса алатынға ұқсайды.

Бұл ақпаратты Франция футбол федерациясының президенті Филипп Диалло де растады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport