Франция Еуродағы матчте "біртүрлі" жеңіске жетті

©x.com/EURO2024

Футболдан Франция құрамасы Еуропа чемпионатындағы алғашқы матчінде Аустрияны ұтты, деп жазады Vesti.kz.

D тобындағы кездесу Дюссельдорфтағы "Меркур Шпиль-Арена" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз голды Аустрия құрамасының қорғаушысы Максимилиан Вебер өз қақпасына салып қойды. 38-минутта ол Килиан Мбаппе тепкен допты қайтарамын деп қисық кетті. 

Матч соңында Мбаппе мұрнын сындырып алды да, оны алаңда Оливье Жиру алмастырды. 

Еске салайық, 14 маусым Германияда басталған футболдан 2024 жығы Еуропа чемпионаты 14 шілдеге дейін өтеді. Қазіргі чемпион әзірге Италия.

Франция мен Аустрия D тобында, бұл квартеттегі өзге ойында Нидерланды 2:1 есебімен Польшаны ұтқан еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар