Еуро-2024: Хорватия - Италия матчіне трансляция

©instagram.com/hns_cff/

Бүгін, 25 маусымға қараған түні Еуро-2024 турниріндегі үшінші тур матчінде Хорватия мен Италия арасындағы ойын өтеді, деп жазады Vesti.kz.

В тобындағы кездесу Лейпцигтегі "Ред Булл Арена" стадионында өтеді және оған нидерландылық Данни Маккели төрелік етеді. Басталуы Астана уақытымен 00:00. Qazsport ойынды тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. 

Командалардың турнир кестесіндегі орны: Испания (6 ұпай), Италия (3), Албания (1), Хорватия (1).

Еуро келесі кезеңіне кварттетте алғашқы екі орынды алған командалар өтеді және үшінші орын алған командалар арасынан үздік төртеуі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар