sLGEZfHYVeKovRllO6YEVHVVDKhMzxBjGMCBaae2
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Испанияны пенальтиде жеңген Италия Еуро-2020 финалына шықты

Испанияны пенальтиде жеңген Италия Еуро-2020 финалына шықты
Сурет: УЕФА

Футболдан Италия ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты. "Скуадра адзурра" жартылай финалда Испанияны жарыс жолынан шығарды.

Лондондағы "Уэмбли" стадионында өткен ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда соғылды. 60-минутта Федерико Кьеза есеп ашты. Гол соғылғаннан кейін алаңға шыққан Альваро Мората 80-минутта таразы басын теңестірді.

Екі құрама экстра-таймда есепті өзгерте алған жоқ. "Қызыл фурия" доп ұстау мен шабуылда ширақ ойнағанмен, Италияның тас қамалдай қорғанысын бұзып өте алған жоқ.

Ойын соңындағы пенальти сериясында Италияның асығы алшысынан түсті. Бірінші болып Локателли тепкен допты испан қақпашысы Унай Симон қайтара білді. Өз командасын алға шығарар сәтте Дани Ольмо мүлт кетті. Одан кейінгі қателікті Альваро Мората қайталады. Шабуылшы тепкен допты Доннарума дәл тосты. Шешуші сәтте Жоржиньо қателескен жоқ. Пенальти сериясында Италия 4:2 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Италия финалда Англия және Дания құрамалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.   

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар