Евро-2016
14 маусым 2021 20:53

Алаңның ортасынан гол соғылды. Чехия құрамасы Шотландиядан басым түсті

Патрик Шик. Сурет: УЕФА

Футболдан Чехия құрамасы Евро-2020 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. D тобындағы бірінші матчта олар Шотландия құрамасын жеңді. 

Глазгодағы "Хэмпден Парк"  стадионында өткен 0:2 есебімен қонақ команданың пайдасына аяқталды. 

Матчтің басты қаһарманы германиялық "Байер" командасының шабуылшысы Патрик Шик болды. Ол алдымен 42 минутта есепті ашса, 52 минутта алаң ортасынан Шотландия құрамасының қақпасына екінші голды салды. 

Еске салайық, кеше D тобында Англия мен Хорватия құрамасы кездескен болатын. Бұл ойында Рахим Стерлинг соққан голдың арқасында ағылшындар 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Ал бүгін, Глазгодағы ойыннан кейін Чехия құрамасы осы топта бірінші орынға шықты. Англия болса екінші орында. Екі құраманың еншісінде де үш ұпайдан бар. Шотландия мен Хорватияда әзірге ұпай жоқ. 

Енді топтық кезеңнің екінші турында Хорватия - Чехия, Шотландия - Англия ойындары болады.