Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатында жанкүйерлер арасында жаппай төбелес болды, деп жазады Vesti.kz.
Дортмундта Түркия мен Грузия құрамаларының матчі алдында жанкүйерлер арасында жанжал шықты. Полиция оқиғаға дер кезінде араласып, төбелестің ары қарай жалғасып кетуін тоқтатты.