Еуродағы күтпеген жағдай: фаворитке екі голды есептемей қойды
Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Е тобындағы Бельгия мен Словакия құрамалары кездесу өткізді.
Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Е тобындағы Бельгия мен Словакия құрамалары кездесу өткізді.
Франкфурт-на-Майне қаласында өткен матчте бельгиялықтар фаворит есептелгенімен жетінші минутта-ақ қақпаларына доп өткізіп алды. Оны словакиялықтар сапынан Иван Шранц салды.
Бельгиялықтар есе қайтаруға тырысты, 58-минутта Ромелу Лукаку гол салды. Алайда түркиялық төреші Халил Мелер VAR жүйесін қарап шығып, Лукаку офсайдта болғандықтан голды есептемеді.
86-минутта бельгиялықтар екінші голды салды, тағы да Лукаку. Бірақ бұл жолы да шабуыл ережесі бұзылғандықтан гол есептелмеді.
??❤️#EURO2024 | #BELSVK pic.twitter.com/LohUuS6LFe
— UEFA EURO 2024 (@EURO2024) June 17, 2024
Жарнама