14 маусынан он бесіне қараған түні футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында Германия мен Шотландия құрамалары ойнады, деп жазады Vesti.kz.
Opta Sports мәліметінше, "Альянц Арена" алаңында өткен А тобындағы командалардың ойынында Юлиан Нагельсман - Еуро тарихындағы ең жас бапкер болып отыр.
Германия құрамасының бапкеріне бүгін 36 жас және 327 күн толыпты.
Осылайша, Нагельсман 2000 жылғы Еурода Словения құрамасын бастап келген Срешко Катанецтің рекордын (36 жас 333 күн) жаңартты.
Айта кетейік, А квартетінде Венгрия мен Швейцария бар.