ПСЖ клубының бразилиялық шабуылшысы Неймарды досы әзілдеп зәресін алды,- деп хабарлайды Vesti.kz. Оқиға Twitch аккаунтындағы стрим кезінде болды.
Футболшы бар назарын ойынға салып отырған, осы кезде оған артыңда біреу тұр деп сыбырлайды. Шошығаннан орнынан ыршып түскен Неймар зомби болып киінген досын боқтап та жіберді.
Айта кетейік, биыл футболшы ойындарын Twitch аккаунтында трансляциялай бастады. Оның бірінші эфирі жүз мыңдай адам жинаған.
Неймар CS:GO ойынын жақсы көреді. Ол бразилиялық киберспортшылар мен украиналық Александр s1mple Костылевпен дос.