Стример қыз Twitch сервисінде өзінің арнасын жүргізген. Лэннидің бұл арнасында 100 мың жазылушы болған, ал Instagram парақшасында - 185 мыңнан артық.
"Күн сайын қиындап барады. Депрессияға шалдыққандар ең жақын адамдарынан да көмек сұрай алмайды, өйткені полиция шақырады деп қорқады. Сондықтан ауыр ой жетегінде жалғыздан жалғыз қала береді. Өздерін одан сайын нашар сезінетін жерде қамалғысы келмейді. Мұнда ешкімнің кінәсі жоқ", - деп жазыпты Ohlana твиттердегі соңғы жазбаларының бірінде.
Ол стример ретінде өзін түрлі ойындарда сынап көрген. Соңғы трансляцияларында ол Counter Strike:Global Offensive пен Valorant ойнаған.