Қазақстандықтар ТМД-дағы үздік ойыншының командасын жеңді

Фото: ESL©
Қазақстандық Cyberium Seed командасы жүлде қоры 50 000 доллар болған Divine Omega League по Dota 2 жарысының дивизионын жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бекжан b1kA Жандировтың және Азамат SamSam Байтасовтың бірінші қарсыласы - тәжірибелі B8 командасы болды, айта кетейік бұл құрамада ТМД-дағы ең үздік киберспортшылардың бірі Даниил Dendi Ишутин ойнайды. 

Интернет-байланысының нашар болуына байланысты Ишутиннің командасы екі рет ойыншы алмастыруға тура келді. Дмитрий Fishman Полищуктің және Олег Lasthero Демидовичтің орнына экс-ойыншы Андрей Ghostik Кадык және стример Глеб y0nd Важнов ойнады. 

Осылайша B8 командасы қазақстандық ұжымға қарсылық білдіре алмай, 0:2 есебімен жеңілді. Келесі ойынды қазақстандықтар бүгін, 11 тамызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00-де ресейлік Team Unique командасына қарсы өткізеді. 

Айта кетейік, Ишутин ТМД-дағы танымал киберспортшы. NaVi командасының құрамында ол тұңғыш The International жеңімпазы болды және екі рет жарыстың финалына дейін жетті. 

Жарыс 5 қыркүйекке дейін созылады. Онда қазақстандық екі команда қатысып жатыр - Khan командасы (Айбеком Naive Токаев және Владислав BLACKARXANGEL Иващенко), сондай-ақ, OmegaLil командасы (Әбдімәлік Сайлау және Даниял Xvamp1re Әлібаев)
Метки:
Жаңалықтар
2 қыркүйек 2022, 10:27
Киберспорт
OINA Fest киберспорт фестивалі қалай өтті?