Қазақстандық киберспортшылар ең қымбат мобильді киберспорт сайысына қатыспақ

Фото: PUBG.com

Жуырда жүлде қоры 14 миллион долларды құрайтын PUBG Mobile Pro League турнирінің ТМД елдері арасындағы іріктеу ойындары басталады. Сайыс екі маусымнан тұрады және турнирдің шырқау шегі 2021 жылдың аяғында болатын жаһандық чемпионат болмақ. Іріктеудің бірінші раундына құрамында қазақстандық спортшылар бар алты команда қатысады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Аймақтық іріктеу ойындарына тікелей шақыртуды Қазақстанның көшбасшылары - Konina Power командасы алған. Бұл топ өз орындарына рейтингтегі жоғары көрсеткіші бойынша қол жеткізіп отыр. Konina Powers құрамында қазақстандық Дамир Axzcer Омаров, Нұрсұлтан Gonzo Нартбаев, Дарын Fache Бейбітов және Асқар DGR Ахметов бар. Олардан өзге іріктеуге тағы бес команда өткен. Әлішер Repriza Разбеков Feel, Нұрали Qose Өмірбек Fazer Clan, а Әлібек Lucci Жекібаев Qodex командаларының сапында ойнайды.

Қазақстандықтардың басым көпшілігі Fidanza құрамасында шоғырланған. Алдағы сайыста бұл команда үшін Асхат Satsuro Ахметбек пен Нұрлыбек Nikola Асланбеков ойнайтын болады.

Сайыс бүгін, 20 сәуірде басталып 9 мамырға дейін жалғасады. Үздік төрт команда PUBG Mobile турнирінің әлемдік лигасында өнер көрсетеді. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда Konina Power сайыстың барлық кезеңінен өтіп төртінші орынға табан тіреген еді. 

Метки:
Жаңалықтар
2 қыркүйек 2022, 10:27
Киберспорт
OINA Fest киберспорт фестивалі қалай өтті?