Қазақстандық киберспортшы командасы CS:GO бойынша турнирде қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді

Фото: Gambit Gaming

Қазақстандық Абай Hobbit Хасеновтің - Gambit Esports командасы Counter Strike: Global Offensive турнирінде қатарынан бесінші жеңісіне жетті. Бұл жолы Абайдың тобы жүлде құны 250 000 долларды құрайтын Dream Hack Masters турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сайыс барысында "гамбиттер" болгариялық Fiend командасын артта қалдырды (16:3) и G2 (16:8, 13:16, 16:4). Екі матчта да Хасенов үздіктер қатарынан табылды. Енді оның командасы, 2 мамыр, жексенбі күні украиналық Natus Vincere командасына қарсы ойнайды. 

Бір қызығы, NaVi қазақстандық VirtusPro командасын турнир кестесінде шаң қаптырып кеткен болатын. Ал Алексей Qikert Голубевтің және Тимур buster Тулеповтың командалары келесі ойындарын Spirit-ке қарсы өткізеді. Сайыс алдағы аптаның соңына дейін жалғасады. 

Естеріңізге сала кетейік, Gambit Esports үшін бұл турнирдегі жеңісі IEM Katowice және PINNACLE CUP сайыстарынан кейінгі үшінші болуы мүмкін. Қазір команда HLTV.org рейтингінде клубтар арасында көш бастап тұр.
Метки:
Жаңалықтар
2 қыркүйек 2022, 10:27
Киберспорт
OINA Fest киберспорт фестивалі қалай өтті?