auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

CS:GO жарысында қазақстандық команда бірінші жеңісіне қол жеткізді

Польшада өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры - 1 миллион доллар.

CS:GO жарысында қазақстандық команда бірінші жеңісіне қол жеткізді
Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) жарысында қазақстандық AVANGAR командасы бірінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Польшада өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры - 1 миллион доллар.

Топтық кезеңнің екінші ойынында қазақстандық киберспортшылар бразилиялық FURIA eSports командасын 16:14 есебімен жеңді. Fitch нигімен ойнайтын алматылық Бектияр Бахытов кездесудің ең нәтижелі ойыншысы атанды. Оның рейтингі - 1,33.

Осыған дейін, бірінші ойында AVANGAR 8:16 есебімен аустралиялық Renegades командасынан жеңілген еді. Қазіргі уақытта қазақстандық команда топта тоғызыншы орында тұр. Келесі кезеңге сегіз команда өтеді. Келесі ойында AVANGAR француздың G2 Esports киберспортшыларымен кездеседі.

Турнир Польшаны Катовице қаласында 14 ақпан - 3 наурыз аралығында өтеді. Айта кетейік, тағы екі қазақстандық негізгі кезеңде өнер көрсетеді. Еліміздің үздік киберспортшысы Дәурен Adren Қыстаубаев FaZe Clan командасының намысын қорғайды, ал оның бұрынғы серіктесі Абай Hobbit Хасенов HellRaisers командасында ойнайды.

Айта кетейік, 2017 жылы қазақстандықтар рейсейлік Gambit командасы сапында киберспорттан Краков қаласында өткен мәртебелі жарыста жеңіске жеткен еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар