"Вулхерхэмптон" жартылай қорғаушысы коронавирус жұқтырып алды

Сурет клубтың сайтынан алынды.
"Вулхерхэмптон" вингеры Адам Траореден тексеріс барысында Covid-19 вирусы анықталды.

24 жастағы ойыншы енді Испания ұлттық құрамасының қатарына іліге алмайын деп тұр. Өкінішке орай, Траореның Испания жейдесіндегі дебюттік ойынын тағы да көре алмаймыз.

Естеріңізге сала кетсек Испания ұлттық құрамасы 6 қыркүйек күні Ұлттар Лигасының топтық кезеңінде Украинамен кездеседі. Ал үшінші турда немістерді өз алаңында қабылдайды.

Траоре өткен маусымдағы ғаламат ойынының арқасында ұлттық құрамаға шақырту алған еді. 6 гол соғып, 12 нәтижелі паспен көптің көзіне түсті. Әйтседе, ойыншыға Испанияның намысын қорғау мүмкіндігі бұйырар емес.
Метки: