Стивен Джеррард "Ливерпуль" тізгінін ұстауы мүмкін

Сурет "Рейнджерс" сайтынан алынды.
Ағылшындық "Ливерпуль" командасының тізгінін Стивен Джеррард ұстауы мүмкін,- деп хабарлайды Goal порталы. 

Команданың бұрынғы капитаны Юрген Клопп ұжымнан кеткен жағдайда бас бапкер болып тағайындалуы ықтимал. Неміс маманы 2020 жылы Йоахим Левтің орнын басып, Германия құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін деген ақпарат бар. 

Айта кетейік, Джеррард "Ливерпуль" командасы сапында 1998 жыл мен 2015 жылдар аралығында ойнады. Содан соң америкалық "Лос-Анджелес Гэлекси" командасына ауысып, кейін карьерасын аяқтады. 

2018 жылдың жазынан бастап ол шотландиялық "Рейнджерс" командасының бас бапкері қызметін атқарып келеді. 





Метки: