"Реалдың" бұрынғы бапкері испаниялық клубтың тізгінін ұстады

Мануэль Пеллегрини. Фото: Reuters©
Чилилік маман Мануэль Пеллегрини испаниялық "Бетис" клубының бас бапкері атанды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

66 жастағы бапкер 2023 жылдың 30 маусымына дейін келісіммшарт жасапты. Жұмысқа ол осы маусым аяқталған соң кіріседі. 



Бұған дейін "Бетис" клубының бас бапкері қызметін испаниялық маман Руби атқан болаты. Бірақ, 21 маусым күні оны қызметінен қуды. Клуб қазір Испания біріншілігінің 35 турынан кейін 41 ұпаймен 13 орында келеді. 

Пеллегрини болса өткен жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыссыз қалған. Ал оған дейін маман "Вест Хэм", "Манчестер Сити", "Вильяреал", "Реал" және "Малага" клубтарының тізгінін ұстады. 

Пеллегрини Англия, Эквадор және Аргентина елдерінде чемпион болған. 





Метки: