Месут Өзіл карьерасын "Фенербахчеде" жалғастыратын болды

Ағылшындық "Арсенал" командасының жартылай қорғаушысы Месут Өзіл түркиялық "Фенербахче" командасына ауысуы мүмкін. 

DHA басылымының ақпараты бойынша, 32 жастағы Германия құрамасының бұрынғы футболшысы түркиялық клубпен 3,5 жылдық келісімшарт жасайды. 

Бірақ алдағы жарты жылды Өзілдің жалақысын "Арсенал" командасы төлеп отырады. Содан соң "Фенербахче" командасынан жылына 5 миллион еуро жалақы алады. 

Тағы 2,5 миллион еуроны Өзілге Стамбулдық командадан келісімшарт жасағаны үшін сыйлық ретінде беріледі. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Өзіл "Арсенал" сапында аптасына 350 мың фунт стерлинг алып отыр. Оның лондондық командамен 2021 жылдың жазына дейін келісімшарты бар. 

Бірақ Өзіл соңғы жарты жылда алаңға бірде-бір шықпады. Ол "Арсенал" сапында ақырғы рет 2020 жылдың наурызында шығып, содан бері негізгі құрамнан шығып қалды. 


Метки: