Месут Озил мансабын Америкада жалғастыруы мүмкін

Сурет "Арсенал" сапынан алынды.
"Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Месут Озилде мансабын жалғастырудың тағы бір нұсқасы пайда болды.

Goal.com сайтының хабарлауынша, "Лос-Анджелес Галакси" командасы 32 жастағы футболшымен келісімшарт жасасқысы келетін клубтар тізіміне қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, Озил "Арсеналдың" осы маусымдағы құрамынан алынып тасталғаны туралы хабарланған болатын. Демек, неміс футболшысы кем дегенде 2021 жылдың ақпанына дейін Англия премьер-лигасының матчтарына қатыса алмайды. 2014 жылғы әлем чемпионы "зеңбірекшілердің" Еуропа Лигасына арналған құрамына да енбеді.

Айта кету керек, Месут "Арсенал" клубындағы ең көп жалақы алатын футболшы. Озил "Арсеналда" 2013 жылдан бері ойнайды. Бірақ Лондондық команда үшін наурыз айынан бері ойнаған жоқ. Жартылай қорғаушының "зеңбірекшілермен" келісімшарты 2021 жылы 30 маусымда аяқталады.
Метки:
Жаңалықтар