auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Месси немесе Роналду? Әлемдегі ең көп табыс табатын футболшылардың тізімі шықты

Үздік үштікте Неймар бар.

Месси немесе Роналду? Әлемдегі ең көп табыс табатын футболшылардың тізімі шықты
Сурет: Sky Sports
Forbes журналы 2020 жылғы әлемдегі ең көп тапқан футболшылардың тізімін жариялады. 

Тізімнің көшін "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси бастап тұр. Аргентиналық шабуылшының бір жылдағы табысы 126 миллион доллар болыпты. Оның 92 миллион доллары таза жалақы болса, 34 миллионды ол жарнамадан тауыпты. 

Екінші орынға туриндік "Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду жайғасқан. Португалиялық футболшының табысы - 117 миллион. Бұл табысты 70 миллионы Роналдуға жалақы арқылы түссе, 47 миллион жарнама арқылы келген. 

Үздік үштікті "Пари Сен-Жермен" ойыншысы Неймар түйіндеді. Оның табысы 96 миллион доллар. 

Үздік ондыққа кірген футболшылардың тізімі мынадай:

4. Килиан Мбаппе (ПСЖ, 42 миллиона доллар)
5. Мохамед Салах ("Ливерпуль", 37)
6. Поль Погба ("Манчестер Юнайтед", 34)
7. Антуан Гризманн ("Барселона", 33)
8. Гарет Бэйл ("Реал", 29)
9. Роберт Левандовски ("Бавария", 28)
10. Давид де Хеа ("Манчестер Юнайтед", 27)

Еске салайық, биыл Роналду табысы бір миллиард доллардан асқан бірінші футболшы атанды. 17 жылдық карьерасында ол 650 миллион долларды жалақы ретінде алса, қалғанын демеушілердің жарнамаларынан алған. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар