Месси "Барселона" президенті қызметін босатқанына қарамастан командадан кетуге ниетті

Сурет "Барселона" сайтынан алынды.
"Барселонаның" аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін, яғни келесі жазда каталондық клубтан кету мүмкіндігін әлі де жоққа шығармайды. "Манчестер Сити" бұл жағдайды пайдалануға дайын,-деп хабарлайды Cuatro.

Еске салайық, Месси 2020 жылдың жазында "Барселонадан" кетуге бір қадам жақын болған еді. Ойыншының президент Хосеп Бартомеудің жасаған жұмысына көңілі толмады. Қазан айының басында функционер отставкаға кетті, бірақ бұл жеткіліксіз болған секілді.

Месси "Барселонаның" қазіргі құрамымен жетістікке жететініне сенімді емес. Аргентиналық жұлдыздың айтуынша, клубтың чемпиондық жобасы құлдырап жатыр. Лионель президенттік сайлауды күтуді жоспарлап отыр, содан кейін ғана түпкілікті шешім шығарады.

"Манчестер Сити" бұл жағдайды мұқият бақылап отыр. Аргентиналық футболшының "Барселонамен" келісімшарты келесі жазда аяқталатынын ескере отырып, англиялық клубтың басшылығы ойыншыға қаңтар айында алдын-ала келісімшарт ұсынбақшы.
Метки:
Жаңалықтар