"Манчестер Юнтайтед" Криштиану Роналдуды командаға қайта келуін сұрады

Сурет: talksport.com©
"Ювентустің" португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду карьерасын Ағылшын біріншілігінде жалғастыруы мүмкін,- деп хабарлайды "Чемпионат". 

Шабуылшыны "Манчестер Юнайтед" командасы қайтарып алғысы келуде қалап отыр. Клуб басшыларымен футболшымен байланысты шығып та үлгерген. Криштиану қазір бұл ұсынысты ойланып жатыр екен. 

Ал "Ювентус" болса, бұл трансфер туралы келіссөз жүргізуге дайын. 

Айта кетейік, Роналду бұған дейін 2003 және 2009 жылдар аралығында "МЮ" намысын қорғаған. Ол "МЮ" командасымен бірген тоғыз жүлде жеңіп алған. 

Ағылшындық командадан бөлек, Роналду португалиялық "Спортинг", мадридтік "Реал" командаларында ойнаған. 2018 жылы шабуылшы "Ювентус" сапына ауысты. Туриндік команда қазіргі уақытта оны сатып жіберуге ниетті екен. Оған пандемия кезіндегі кризис әсерін тигізген. 



Метки:
Жаңалықтар