"Манчестер Юнайтед" тізгінін "Тоттенхэмнің" бұрынғы бапкері ұстауы мүмкін

Маурисио Почеттино. Фото: forzajuve.ru©
Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" командасының тізгінін "Тоттенхэмнің" бұрынғы бапкері Маурисио Почеттино ұстауы мүмкін,- деп хабарлайды Manchester Evening News. 

"Манчестер Юнайтед" сәрсенбі күні Еуропа лигасында "Истанбул Башакшехир" командасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал оның алдында ішкі біріншілікте "Арсеналдан" ұтылған болатын. Қазіргі уақытта команда турнир кестесінде 15 орында келеді. 

Команданың соңғы нәтижелеріне байланысты ұжым басшылары Уле-Гуннар Сульшерді қызметінен босатуға ниетті. Оның орнына Почеттиноны шақыртуды ойластырып отыр екен. 

Дегенмен, Почеттиноны басқа командалар да шақырғысы келіп отыр. Мысалы, өткен аптада бұл бапкерге "Зенит" командасының ұсыныс тастағаны белігілі болған еді. 

"Тоттенхэмнен" кеткеннен соң, бұл бапкер 2019 жылдан бері жұмыссыз жүр. 




Метки:
Жаңалықтар