"Манчестер Юнайтед" трансфердің соңғы күні 33 жастағы Каваниді қатарына қосты

Эдинсон Кавани. Сурет: Readfootball.com ©
"Пари Сен-Жерменнің" бұрынғы шабуылшысы Эдинсон Кавани "Манчестер Юнайтед" ойыншысы атанды,- деп хабарлады англиялық клубтың ресми сайты. Уругвайлық футболшының келісімшарты тағы бір маусымға ұзартылу мүмкіндігімен бір жылға жасалған.

"Манчестер Юнайтед" - әлемдегі ең ұлы клубтардың бірі және мұнда болу мен үшін үлкен мәртебе. Мен бос уақытымда көп жұмыс істедім және ойынды тағатсыздана күтемін. Және футбол кітабыма тағы бір оқиғаны жазуды асыға күтемін. Өз жұмысыма ерекше назар аударамын. Мен жаттықтырушымен сөйлестім, бұл менің осы әдемі жейдеде ойнауға деген ықыласымды күшейтті», - деді Кавани.

Кавани "Пари Сен-Жермен" сапында 2013 жылдан 2020 жылға дейін ойнады. Өткен маусымда уругвайлық форвард Франция чемпионатының 14 матчына қатысты (7 - негізгі құрамда), ол 4 гол соғып (1 - пенальтиден), 1 голдық пас берді.
Метки:
Жаңалықтар