"Манчестер Юнайтед" бас бапкеріне қатысты мәлімдеме жасады

Уле-Гуннар Сульшер. Сурет: Reuters©
Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" басшылары команданың Чемпиондар лигасынан шығып кеткеннен кейін бас бапкері Уле-Гуннар Сульшердің болашағына қатысты мәлімдеме жасады. 

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 6 турында "Лейпциг" командасының 2:3 есебімен жеңіліп, турнирден шығып қалды. Енді бұл команда Еуропа лигасында ойнайтын болады. 

Daily Mail ақпараты бойынша, "Юнайтед" басшылары бұл сәтсіздікке қарамастан команданың бас бапкері Сульшерді қызметінде қалдыруған ниетті екен.

Қазіргі уақытта команда Ағылшын біріншілігінің оныншы турынан кейін 19 ұпай жинап, алтыншы орында тұр. 

Метки:
Жаңалықтар