Англия
7 қыркүйек 2020 16:36

"Манчестер Ситидің" екі футболшысы коронавирус жұқтырып алды

Сурет "МС" сайтынан алынды.
Ағылшындық "Манчестер Сити" командасының екі футболшысы коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Вирус жұқтырған футболшылар - жартылай қорғаушы Рияд Марез және қорғаушы Эмерик Ляпорт. Қазір бұл екі футболшы Премьер-лиганың ережесіне сәйкес карантинге жіберілген. Екі футболшы да вирустың ешқандай симптомы анықталмаған. 

"Манчестер Сити" Ағылшын біріншілігінің жаңа маусымындағы бірінші кездесуін 21 қыркүйек күні сырт алаңда "Вулвэрхэмптон" командасына қарсы өткізеді. Бұл ойынға екі футболшы да қатыспайды. 

Айта кетейік, бұған Рахим Стерлингтің де вирус жұқтырғаны анықталған еді. Ол Ямайкада Олимпиада ойындарының чемпионы Усэйн Болттың туған күнін тойлау кезінде вирус жұқтырып алған.