"Манчестер Ситиде" Гвардиоланың орнын кім басатыны белгілі болды

Хосеп Гвардиола. Сурет: "Манчестер Сити"©
Германиялық "Лейпциг" командасының бас бапкері Юлиан Нагельсманн "Манчестер Сити" тізгінін ұстауы мүмкін,- деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" ағылшындық Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

33 жастағы неміс маманы Хосеп Гвардиоланың орнын басуы мүмкін. Қазір испаниялық келісімшартын ұзартуға келісім бермей тұр. Оның ағылшындық командамен келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымында аяқталады. 

Нагельсманнан бөлек "Манчестер Сити" тізгінін ұстауы мүмкін деген бапкерлердің қатарында "Тоттенхэмнің" бұрынғы бапкері Маурисио Почеттино да бар. 

Юлиан Нагельсманн "Лейпциг" тізгінін 2019 жылы ұстаған. Қазіргі уақытта оның командасы Бундеслиганың бес турынан кейін көш бастап келеді. Команданың еншісінде 13 ұпай бар. 

Ал 49 жастағы Гвардиола болса "Манчестер Сити" командасын 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді. Жаңа маусымда оның командасы 13-орында келеді. 





Метки: