Нагельсманнан бөлек "Манчестер Сити" тізгінін ұстауы мүмкін деген бапкерлердің қатарында "Тоттенхэмнің" бұрынғы бапкері Маурисио Почеттино да бар.
Юлиан Нагельсманн "Лейпциг" тізгінін 2019 жылы ұстаған. Қазіргі уақытта оның командасы Бундеслиганың бес турынан кейін көш бастап келеді. Команданың еншісінде 13 ұпай бар.
Ал 49 жастағы Гвардиола болса "Манчестер Сити" командасын 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді. Жаңа маусымда оның командасы 13-орында келеді.