"Манчестер Сити" Лионель Мессиге арнайы келісімшарт дайындап жатыр

Лионель Месси. Сурет: highsnobiety.com©
Ағылшындық "Манчестер Сити" командасы "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессиге келісімшарт дайындап отыр,- деп хабарлайды британдық БАҚ өкілдері. 

Команда басшылары аргентиналық шабуылшыға 2021 жылдың қаңтар айында келісімшарт ұсынатын болады екен. Дәл осы кезде каталониялық клубтың капитаны жаңа командасымен келіссөз жүргізе алады. Себебі, оның келісімшарты келесі жылдың жазында аяқталады. 

Айта кетейік, Месси "Барселона" сапында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Командамен ол 34 жүлде жеңіп алған. Биыл маусымда алдында шабуылшы командадан кетуге ниетті болған еді. Алайда кейін командада қалатыны туралы шешім қабылдады. 




Метки: