"Манчестер Сити" командасының жас футболшысы қайтыс болды

жереми Уистен. Сурет: Socernews.ru ©
Ағылшындық "Манчестер Сити" командасы академияның бұрынғы футболшысы Джереми Уистен деген 17 жастағы футболшының қайтыс болғаны туралы хабарлады,- деп жазады "Чемпионат".

"Біздің отбасы академияның бұрынғы футболшысы Джереми Уистеннің қайтыс болғанын өкінішпен хабарлайды. Оның отбасы мен достарына қайғырып, көңіл айтамыз. Бұл қиын сәтте біз сіздермен біргеміз",- делінген клуб таратқан хабарламада. 

Уистен "Манчестер Сити" академиясына 2016 жылы түсіп, U-13 командасында ойнаған. Джереми Малави елінің тумасы. 

Футболшының өмірден озуына байланысты команданың қорғаушысы Эмерик Лапорт пен шабуылшы Рахим Стерлинг те көңіл айтты. 

Ғаламторға тараған ақпаратқа сүйенсек, Уистен депрессияға байланысты өз-өзіне қол жұмсаған. Бірақ бұл туралы әлі ресми ақпарат жоқ. 




Метки:
Жаңалықтар