Англия
26 ақпан 2018 09:39
 
"Манчестер Сити" Англия лигасы кубогын жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

"Манчестер Сити" Англия лигасы кубогын жеңіп алды Фото: theguardian.com

"Манчестер Сити" клубы Англия лигасы кубогын жеңіп алды. Испандық маман Хосеп Гвардиола жаттықтыратын команда финалда Лондонның "Арсеналын" ұтты.

"Уэмбли" стадионында өткен кездесуде "Манчестер Сити" 3:0 есебімен жеңіске жетті. Команда сапында Серхио Агуэро, Венсан Компани мен Давид Сильва гол соқты.

"Манчестер Сити" өз тарихында бесінші рет (1970, 1976, 2014, 2016, 2018) Англия лигасы кубогын жеңіп алды. Бұл жарыста ең көп жеңіске жеткен команда – "Ливерпуль". Мерсисайдтық команда 8 рет Англия лигасы кубогын ұтқан.

Жарнама

Живи спортом!