"Ливерпуль" "Шальке" қорғаушысын жалға алды

"Ливерпуль" "Шальке 04" клубының қорғаушысы Озан Кабакты жалға алғаны туралы жариялады. Футболшының клубпен келісімшарты ағымдағы маусымның соңына дейін есептелген.

Кабак "Шальке" сапында 2019 жылдан бері ойнап келеді, ал оған дейін "Штутгарт" пен "Галатасарай" командаларында ойнаған. Биылғы маусымда 20 жастағы футболшы Бундеслигада 14 ойынға қатысып, 5 сары қағаз алды.

Бұған дейін "Ливерпуль" өзінің ресми сайтында "Престон Норт Энд" қорғаушысы Бен Дэвиспен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырғанын мәлімдеген болатын. Ал күні кеше Юрген Клопп Жоэль Матиптің жарақатына байланысты маусым соңына дейін ойнай алмайтынын хабарлады.

Қазіргі уақытта "Ливерпуль" 40 ұпаймен Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде үшінші орында келе жатыр. Келесі турда мерсисайдтық клуб "Брайтонмен" кездесетін болады.
Метки: