"Ливерпуль" шабуылшысы Мохаммед Салах коронавирус жұқтырып алды

Мохамед Салах. Сурет: thenationalnews.com©
Ағылшындық "Ливерпуль" командасының шабуылшысы Мохамед Салах коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы Мысыр футбол федерациясы хабарлады. 

Шабуылшы екі рет тест тапсырған. Бірінші тесттің қорытындысы бойынша Салахтан вирус анықталмаған. Бірақ екінші тексерістің қорытындысы бойынша коронавирус шығыпты. 

Салахта коронавирус симптомсыз өтіп жатыр. Ол қазір оқшауланған. Шабуылшы Мысыр құрамасы дәрігерінің бақылауында. 




Метки: