"Ливерпуль" командасы "Бавариядан" "Барселона" тәлімгерін сатып алуға келісті

Тьяго Алькантара. Сурет "Бавария" сайтынан алынды.
"Бавария" командасының жартылай қорғаушысы Тьяго Алькантара жуық арада ағылшындық "Ливерпуль" командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы журналист Давид Орнштейн хабарлап отыр. 

Ағылшындық команда 29 жастағы футболшыны жуық арада командаға қосу керек. Шыққан тегі бразилиялық футболшы үшін олар мюнхэндік командаға 30 миллион еуро төлейді. Бірақ Transfermarkt басылымы бұл футболшының бағасын 48 миллион еуро деп отыр. 

Екі команданың басшылары осы аптаның басында келісімге келген екен. 

Айта кетейік, өткен маусымның соңында Алькантараның өзі "Бавариядан" кеткісі келгенін хабарлаған. Ол бұл ниетін команда басшыларына да айтқан. 

Тьяго "Барселона" тәлімгері. Каталониялық команданың намысын ол 2008 және 2013 жылдар аралығында қорғаған. Содан соң "Баварияға" ауысты. Былтыр ол Бундеслигада 24 кездесуге қатысып, үш гол соққан. 

Ол Испания құрамасы сапында 2011 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақытқа дейін 36 кездесуге қатысып, 2 рет қанжығасын майлаған. 





Метки: