"Ливерпуль" командасының жартылай қорғаушысы Фабиньоның үйін тонап кетті, деп хабарлайды "Чемпионат" британдық БАҚ өкілдеріне сілетеме жасап. Үйін тонап жатқан кезде футболшы командасымен бірге чемпиондықты тойлап жатқан.
Оқиға "Ливерпуль" командасының Ағылшын премьер-лигасындағы чемпиондық атағын тойлап жатқан кезде болған.
Полиция қызметкерлерінің мәліметі ойынша, бірнеше әшекей бұйымдар сонымен қатар Audi RS6 автокөлігі ұрланған. Бірақ көлік бірнеше уақыттан кейін Уиганнан табылған.
Еске салайық, бұған дейін 2019 жылы Садио Мане, Деян Ловрен, Роберто Фирмино, Пепе Рейна, Даниэль Аггер және Ежи Дудек секілді футболшылардың үйі тоналған болатын.
Англия
24 шілде 2020 12:08
"Ливерпуль" футболшысының үйі тоналды
Фабиньо. Сурет: thisisfutbol.com©