"Ливерпуль" 67 жыл бұрын тіркелген "Арсеналдың" антирекордын қайталады

Сурет: Reuters©
"Ливерпуль" командасы кеше Ағылшын біріншілігінің төртінші турында сырт алаңда "Астон Вилламен" кездесіп, 2:7 есебімен ұтылып қалды. Осылайша бұл команда өз қақпаларына 1953 жылдан бері бірінші рет жеті гол жіберді. 

Соңғы рет Ағылшын біріншілігінің бір ойынында жеті гол жіберген команда "Арсенал" болатын. Лондондық ұжым 1953 жылдың 12 қыркүйегінде "Сандерленд" командасынан 1:7 есебімен жеңілген. 

Ал "Ливерпуль" болса бірінші рет өз тарихында Ағылшын біріншілігінде жеті гол жіберіп, биылғы маусымда бірінші рет жеңіліп отыр. 

Юрген Клопптың шәкірттері төрт турдан кейін тоғыз ұпай жинап турнир кестесінің бесінші сатысында. "Астон Вилла" болса тоғыз ұпаймен екінші сатыда. 

17 қыркүйек күні өтетін бесінші турда "Ливерпуль" сырт алаңда "Эвертон" командасымен кездеседі. "Астон Вилла" ұжымы "Лестерге" қарсы ойнайды. 





Метки:
Жаңалықтар