Лэмпард футболшысын досының тойына жібермей қойды. Ол командадан кеткісі келетінін айтты

Фрэнк Лэмпард. Сурет: Getty Images ©
Франция құрамасы мен "Челси" командасының жартылай қорғаушысы Нголо Канте маусым аяқталған соң командадан кетеді. Жартылай қорғаушының бас бапкер Фрэнк Лэмпардпен қарым-қатынасы бұзылыпты,- деп хабарлайды "Чемпионат". 

Канте бас бапкерге досының тойына барып қайтуға сұранған. Брақ Лэмпард 29 жастағы футболшыны жібермей қойған. 

Осыған байланысты Канте "Челси" командасынан кететінін мәлімдеді. Дегенмен, ол тек маусым аяқталған соң ғана командадан кете алады. Себебі, қысқы трансферлік кезеңде команда оны сатуға ниетті емес. 

Жартылай қорғаушыны "Интер" басшылары өз командасына шақырғысы келіп отыр. Алайда франциялық футболшының өзі "Реал" сапына қосылуға ниетті. 




Метки:
Жаңалықтар