Килиан Мбаппе әлемнің ең қымбат футболшысы деген атақтан айырылды

Сурет "ПСЖ" сайтынан алынды.

CIES Football Observatory өзінің ресми сайтында әлемнің ең қымбат деген футболшыларының жаңа тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Жаңа рейтингте бұған дейін әлемнің ең қымбат ойыншысы атанып келген Килиан Мбаппе 12 орынға түсіп қалыпты. Оның дәл қазіргі сәттегі бағасы 118,3 миллион еуро екен. 

Ал көш басына "Манчестер Сити" ойыншысы Филип Фоден шыққан. Футбол нарығындағы оның бағасы 190,2 миллион еуро. 

Екінші сатыда 178 миллион еуроға бағаланған Мэйсон Гринвуд ("Манчестер Юнайтед") болса, үздік үштікті Маркус Рашфорд ("Манчестер Юнайтед") түйіндеп тұр. Оның бағасы - 159,1 миллион еуро. 

Әлемнің ең қымбат ойыншыларының тізімі:

1. Филип Фоден ("Манчестер Сити") — € 190,2 млн
2. Мэйсон Гринвуд ("Манчестер Юнайтед") — € 178 млн
3. Маркус Рашфорд ("Манчестер Юнайтед") — € 159,1 млн
4. Эрлинг Холанд ("Боруссия" Дортмунд) — € 155,5 млн
5. Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед") — € 154,3 млн
6. Френки де Йонг ("Барселона") — € 138,7 млн
7. Педри ("Барселона") — € 133,2 млн
8. Альфонсо Дэвис ("Бавария") — € 131,6 млн
9. Жоау Фелиш ("Атлетико") — € 127,8 млн
10. Мэйсон Маунт ("Челси") — € 123,6 млн
11. Джейдон Санчо ("Боруссия" Дортмунд) — € 120,8 млн
12. Килиан Мбаппе ("Пари Сен-Жермен") — € 118,3 млн
13. Ферран Торрес ("Манчестер Сити") — € 118 млн
14. Кай Хаверц ("Челси") — € 116,5 млн
15. Трент Александер-Арнольд ("Ливерпуль") — € 115 млн

 

Метки: