Гарет Бэйл "Реалдан" ағылшындық клубқа ауысуға келісті

Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл командадан кетуге келісімін берді. 

Cadena SER басылымының ақпараты бойынша, "Реал" 31 жастағы футболшыны ағылшындық клубтардың біріне жалға беруге дайын. Негізі бұған дейін мұндай ұсынысқа Бэйлдің өзі келісім бермей жатқан. Бірақ басылым жуырда Гарет келісім бергенін хабарлады. 

Дәл қазір бұл ойыншыны "Манчестер Юнайтед" пен "Тоттенхэм" командалары өз қатарында көргісі келеді екен. 

"Реал" болса Бэйлден құтылу үшін барлық нәрсеге баруға дайын. Тіпті "корольдік клуб" басшылары футболшының жарты айлығын да төлеуге келісіп отыр. 

Бэйл "Реал" сапына 2013 жылы "Тоттенхэмнен" ауысып келді. Ол кезде трансфердің құны 101 миллион еуро болған еді. Өткен маусымда 31 жастағы шабуылшы Испания біріншілігінде 16 кездесуге қатысып, екі гол және екі нәтижелі пас берді.Шабуылшының мадридтік командамен 2020 жылдың жазына дейін келісімшарты бар.
Метки: