Джейдон Санчо "Манчестер Юнайтедке" ауысуға өз келісімін берді

Дортмундтық "Боруссия" мен Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джейдон Санчо "Манчестер Юнайтедке" ауысуға дайын.

Журналист Фабрицио Романоның хабарлауынша, "қызыл сойқандар" футболшыны 2026 жылдың жазына дейін есептелген келісімшартқа қол қоюға көндірген. Келіссөздер барысында ешқандай қиындықтардың туындамағаны да атап өтілді. Енді "Манчестер Юнайтед" "Боруссиямен" келіссөздерді бастайды. Неміс клубы 21 жастағы ағылшын футболшысын 95 миллион еуроға бағалады.

Санчо - "Уотфорд" пен "Манчестер Ситидің" түлегі, бірақ өзінің үлкен футболдағы мансабын 2017 жылы «Боруссияда» бастаған. Ол Англия құрамасына 2018 жылдан бастап шақыртылып келеді. Өткен маусымда жартылай қорғаушы Бундеслиганың 26 ​​матчына қатысып, 8 гол соқты (біреуі пенальтиден) және 11 нәтижелі пас берді.

Метки: