"Челсидің" ең қымбат ойыншысы коронавирус жұқтырды

Лондондық "Челси" мен Германия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Кай Хаверц коронавирус жұқтырды. Бұл туралы команданың бас бапкері Фрэнк Лэмпард мәлімдеді.

Ойыншы оқшауланды және алдағы болатын матчтарды жіберіп алады,- деп хабарлайды Челсидің Twitter-дегі ресми сайты. Хаверц «Челси» сапына 2020 жылдың жазында "Байер" клубынан ауысқан болатын.

Ол осы маусымда Англия Премьер-лигасында 7 матчқа қатысты, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Және бір сары қағаз алып үлгерді. «Челси» Премьер-лиганың турнирлік кестесінде 12 ұпаймен жетінші орында тұр.
Метки: