Англия
23 қаңтар 2017 10:06
 
"Челси" қорғаушысы "Халл Сити" футболшысының бассүйегін сындырды

  Пікірлер

blog.share

"Челси" қорғаушысы "Халл Сити" футболшысының бассүйегін сындырды © Mirror

"Халл Сити" жартылай қорғаушысы Райан Мэйсон Англия чемпионатының 22-ші турындағы "Челсимен" (0:2) өткізген матчта бассүйек жарақатын алды.

Кездесудің 12-ші минутында Мэйсон қарсылас команданың қорғаушысы Гари Кэхиллмен әуедегі допқа таласқан, секірген екі футболшының бастары тиіп, құлап қалады. "Челси" ойыншысы тез есін жинап алса, "Хал Сити" хавбекіне дәрігерлер бес минуттан аса көмек көрсетті. Дәрігерлер Мэйсонға оттегі маскасын кигізіп, ауруханаға алып кеткен. Оның орнына Дэвид Мейлер шықты.

Мэйсон стадионынан ауруханаға шұғыл жеткізілген оған ота жасалыпты. The Mirror мәліметінше, оның бассүйегі сынған, сондай-ақ, миына қан кеткен.

"Қазіргі уақытта Мэйсонның жағдайы бірқалыпты. Таяудағы бірнеше күнде ол ауруханада болады. Клубтағылар Райанға өз уақытында көрсетілген жәрдем үшін Сент-Мэри ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне алғыс айтады", - делінген "Халл Сити" ресми сайтында.

"Пас берілгеннен кейін мен допқа жеткім келді, сөйтіп, бастарымызбен соғыстық. Мэйсонға жақсылық тілеймін", - деп келтіреді Кэхиллдің сөзін Sky Sports.

"Челси" клубындағылар Мэйсонға жақсылық тілейді. Бұл Гаримен жаман соқтығысу болды. Ойыншы тез арада өз қалпына келіп, алаңға оралады деп үміттенеміз", - деді лондондықтардың бас бапкері Антонио Конте.

Жарнама

Живи спортом!