Англия
21 қыркүйек 2017 16:37
 
"Челси" жартылай қорғаушысы Мусонда: Гол соққанымда, көз жасымды тыя алмадым

  Пікірлер

blog.share

"Челси" жартылай қорғаушысы Мусонда: Гол соққанымда, көз жасымды тыя алмадым

"Челси" жартылай қорғаушысы Шарли Мусонда ағылшын премьер-лигасының 3 кезеңінде "Ноттингем Форест" (5:1) клубымен өткен ойыннан видео үзінді жариялады. Белгиялық футболшы үшін бұл лондондық команда сапында  негізгі құрамамен бірінші рет шығуы.

"Бұл менің негізгі құрама сапында бірінші рет шығуым. Шынымды айтсам ойын алдында көп қобалжыдым. Негізгі құрамға ену үшін маған көп күтуге тура келді, сол себепті алаңға шыққанда мен өзімді еркін сезіндім. Мен мұны көп күттім. Мен академиялық клубтан шығып, бірінші рет команда сапында өнер көрсеттім, бірінші ойын және мен үшін жақсы тәжірибе болды. 

"Бриджде" бірінші голды салу - бұл мен үшін эмоционалдық сәт болды. Қазір мұны есіме түсіре де алмай отырмын. Сіздер менің қатты қуанғанымды көрдіңіздер. Мен көз жасымды тыя алмадым. Егер жігіттер келіп мені көтеріп алмағанда не боларын білмеймін. Бұл нағыз ғажап уақыт. Алаңда жас футболшылардың жүргені қуантады, бапкер оларға үлкен сенім артады. Олар өздерін жақсы жағынан көрсетіп жүр, олар үшін қатты қуанамын. Сол күні фанаттардың қолдауы да өте мықты болды. Мен олардың қолдауын сездім, және осы маған күш берді", - деп жазады клубтың ресми сайты 20 жастағы футболшының сөзін. 

Жарнама

Живи спортом!