"Челси" Фрэнк Лэмпардтың орнына бапкер іздей бастады

Сурет "Челси" сайтынан алынды.
Лондондық "Челси" "Манчестер Ситимен" болған ойындағы жеңілістен кейін бас бапкер Фрэнк Лэмпардтың орнын басатын жаттықтырушылар іздей бастады,- деп хабарлайды The Athletic.

Егер команданың құлдырауы жалғасса, Лэмпард қызметінен босатылады. Алайда, маман "Челсидің" нәтижелері жақсарған жағдайда, клубта қала береді. Премьер-лиганың соңғы алты ойынында "Челси" бір ғана жеңіске қол жеткізді.

Лондонда, "Стэмфорд Бридж" стадионында Англия Премьер-лигасының 17-туры аясында "Челси" "Манчестер Ситимен" кездесті. Кездесу 1:3 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Хосеп Гвардиоланың шәкірттері 15 матчта 29 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының турнир кестесінде 5-орынға көтерілді. "Челси" (26 ұпай) - 8 орында. Турнирдің көшбасшысы - "Ливерпуль" (33 ұпай).
Метки:
Жаңалықтар