Англия
25 қаңтар 2021 16:54

"Челси" бүгін Фрэнк Лэмпардты қызметінен босатады

"Челсидің" бас бапкері Фрэнк Лэмпард жақын арада қызметінен кетуі мүмкін.

The Telegraph басылымының хабарлауынша, бүгін, 25 қаңтарда лондондық клуб бапкердің отставкаға кеткені туралы хабарлайды. "Челси" басшылығы футболшыларға таңертең базаға келмеу туралы бұйрық беріпті.

Бір күн бұрын, 24 қаңтарда, "Челси" Англия Кубогінің 1/16 финалында "Лутон Таунды" жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Естеріңізде болса, Лэмпард 2019 жылдың жазында "Челсидің" бас бапкері атанған еді. Қазіргі уақытта команда 19 турда 29 ұпаймен Премьер-Лиганың турнирлік кестесінде тоғызыншы орында тұр.