Ұлыбритания чемпионатында екінші деңгейлі дивизионда өнер көрсетіп жүрген "Бристоль Сити" футболшылары Ангдия лигасыс кубогының ширек финалында өз алаңында "Манчестер Юнайтедті" қабылдап, жеңіске жетті. Соның арқасында олар келесі кезеңге өтті, - деп хабарлайды "Р-Спорт".
Бристоль қаласында өткен ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Осылайша олар осыған дейінгі кубоктың иегері болған команданы жарыстан шығарып жіберді. Жеңімпаз команданың сапында өнер көрсететін Джо Брайан (51-ші минут) және Кори Смит (90-шы) гол салды. Ал қонақ командадан тек Златан Ибрагимович ойынның 58-ші минутында гол соға білді.
Тағы бір ширек финалдық кездесуде "Челси" "Борнмутты" - 2:1 есебімен жеңді.
"Бристоль Сити" мен "Челси" командаларының жартылай финалдық қарсыластары жеребе арқылы белгілі болады.

Жарнама