"Арсенал" футболшылары команда қызметкерлерінің жаппай жұмыстан қуылуына қарсылық білдірді

Сурет: АПЛ
Лондондық "Арсенал" футболшылары команда қызметкерлерінің жаппай жұмыстан қуылуына наразылық білдірді,-деп хабарлайды "Чемпионат" британдық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап. 

Коронавирусқа байланысты жалақылары төмендеген футболшылардың барлығы клуб басшыларымен келіссөз өткізуді талап етіп отыр. 

5 тамыз күні "Арсенал" басшылары коронавирус пандемиясына байланысты команданың 55 қызметкерін жұмыстан шығаратынын хабарлады. Ал сәуір айында клуб басшылары футболшылар мен бапкердің жалақысын 12,5 пайызға қысқартқан еді. 

Осы шешімге команданың футболшылары қарсылық білдіріп отыр. Нақтырақ айтқанда, олар команда қызметкерлерінің жұмыстан қуылуына наразы. 

Еске салайық, биыл "Арсенал" Англия кубогін жеңіп алды. Осылайша бұл команда келесі маусымда Еуропа лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. 









Метки: