Англия
21 маусым 09:25

АПЛ тарихындағы ең қымбат трансфер! Вирц "Ливерпуль" сапын толықтырды

©"Ливерпуль" ФК

Германия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц Англияның "Ливерпуль" командасына ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мерсисайдтық клуб 22 жастағы футболшымен 2030 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. "Байер" клубына бас-аяғы 150 млн еуро төлейді. Бұл клуб тарихындағы ең қымбат трансфер. Клуб тарихы ғана емес, ағылшын премьер-лигасына ауысып келген ең қымбат футболшы атанады. Сондай-ақ бундеслигада да мұндай қымбат трансфер болмаған. 

Флориан Вирц жаңа командасында жылына 22 млн еуро жалақы алатын болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport