Англия
21 мамыр 2018 11:20
 
Англияда осы маусымдағы ең үздік гол таңдалды

  Пікірлер

blog.share

Англияда осы маусымдағы ең үздік гол таңдалды © Dosug.md

"Саутгемптон" клубының жартылай қорғаушысы Софьян Буфальдің соққан голы Ағылшын премьер лигасындағы биылғы маусымдағы ең үздік болып танылды. Видео турнирдің ресми Twitter аккаунтында жарияланды. 

Буфаль "Вест Бромвичпен" өткен ойында жеңісті голдың авторы атанды. Ойын АПЛ тоғызыншы айналымында өткен еді. Мароккалық футболгы өз алаңында допты қабылдап, бірнеше футболшыны шаң қаптырып, қарсыластар қақпасына дейін алып келген. Шірене тепкен оның добы, қақпаның оң жақ бұрышынан кірген. Соның арқасында олар 1:0 есебімен "Вест Бромвичті" жеңді. 

Биылғы маусымда 36 ұпай жинаған "Саупгемтон" ойыншылары жалпы есепте 17-ші орынға табан тіреді. Ал олардың қарсыластары "Вест Бромвич" небәрі 31 ұпай жинап, келесі маусымда осы лигада өнер көрсету мүмкіндігінен айырылды. 

Жарнама

Живи спортом!