Якоб Фульсанг "Астанадан" кетуі мүмкін

Якоб Фульсанг. Сурет: cyclingtips.com
35 жастағы даниялық велошабандоз Якоб Фульсанг "Астанадан" кетуі мүмкін. Ол 2021 жылы даниялық команданы басқаруы ықтимал. Бұл туралы Velodaily.ru хабарлап отыр. 

Фульсанг Бьярне Рииспен хабарласып, даниялық команда ашу туралы ұсыныс жасаған. 

"NTT Pro Cycling командасымен не болатынын білмеймін (қазір бұл команданы Риис басқарады). Бірақ Бьярна Данияның ең басты демеушісімен келісімшарт жасауы мүмкін. 2021 жылы даниялық командаға барсам жақсы болар еді. Бұл менің арманым", - деп келтіреді Фульсангтың сөзін TV2 телеарнасы. 

Велоспортшы мен Astana Pro Team командасы арасында 2021 жылға дейін келісімшарт жасалған. "Команданың менеджері Александр Винокуровпен шартнаманы үзу туралы сөйлесу керек. Әрине, егер Бьярн даниялық демеушімен келісімшарт жасай алса", - деді ол. 

Айта кетейік, Фульсанг биыл "Астана" командасын "Джиро д’Италия" жарысына бастап барады. 






Метки:
Жаңалықтар